Тауардың боямалықтан сақтайттың автоматтандырылған қорғау жүйесі
RU | UZ | EN | KZ

НАҒЫЗ ТЕКСЕРУУ ҚАЛАЙША ЖУЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ? Нұсқаулық

Алушыға және өндірушілерге көмекті үшін

“Centurion”жүйесі пайдаланушылары үшін тәуліктік сүйеніші: 998(71) 200-19-65

ОФЕРТА тарауда сервис беру шарттарымен әлбетте танысын
Суретте шартты белгілерді кіргіз:
captcha

Тауар кодтарының пайдаланылуын (активтеніун) тіркеуге алу бойынша сервис көрсету туралы шарт (көпшілік офертасы)

 

Скачать оферту (PDF, 202 Kb)

 

Тауар кодтарының пайдаланылуын (активтеніун)
тіркеуге алу бойынша сервис көрсету туралы шарт
(көпшілік офертасы)

10 желтоқсан 2012 жыл. Ташкент қ.

Осы офертада мынадай терминдер мен түсініктер қолданылады:

Виртуалды телефон нөмірі

Алдын ала құрастырылған ереже бойынша телефон арқылы жасалған кіріс байланыстарды қабылдауға және бір жерден екінші жерге жіберуге мүмкіндік беретін Оператордың қызметі;

Тапсырыс беруші, тапсырысшы

Тауарлар мен өнімдерді даналап сатуға өндірген немесе шетелден әкелген өндіруші яки импортер. Ол өімдердің (тауарлардың) түпнұсқалығын анықтауға арналған Сервистің пайдаланылуы жөнінде Қамтамасыз етушімен өзара келісімге келген болуы керек;

Интернет

Көптеген адамдарға, түрлі ұйымдарға мәліметтерді, ақпараттық қорларды жіберіп-қабылдауға мүмкіндік беретін ақпараттық тармақтарыдың ғаламдық, ерікті және тәуелсіз бірлестігі;

Тауар коды

Стикердегі Скретч-панель астында жасырынған ең маңызды және бірегей он екі таңбалы код. Бұл таңбалар тек қана цифрлардан тұрады, Сервис көрсетуді анықтауға пайдаланылады;

Комплекс

Қамтамасыз етушінің бағдарламалық құралдары, серверлері, жабдықтың құрайтын бөлімдері. Олар Сервистің ақпараттық мәліметін беруде және соңыра Тіркеу сервисін Тапсырысшыға жеткізуде функционалдық жүктемені көтереді;

Қысқа нөмір

Оператор тармағындағы ішкі нөмір. Ол оператор жағынан Сервис көрсету мақсатында беріледі;

Оператор

Өзбекстан Республикасында тіркеуге алынған, кесімді яки ұтқыр байланыс бойынша, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы аумағында ақпарат тарату тармақтарымен қызмет атқаруға лицензиясы бар заңды тұлға;

Қамтамасыз етушінің Ресми сайты

«Vades Group» ЖШҚ-ның ақпараттық web-сайты мынадай жайларда орналасқан: www.centurion.uz, www.centurion.uz, www.cen2rion.uz;

Дербес кабинет

Қамтамасыз етушінің Ресми сайтындағы белгілі бір бет. Оның ішіне кіргенде Тапсырысшы оған бекітіп берілген тауарлар кодтарының пайдаланылуына (активтенуіне) тиісті мәліметті қарап шыға алады;

Провайдер

Қажетті лицензия негізінде ақпарат тарату бойынша қызмет атқаратын заңды тұлға;

Сервис

Өнімдердің (тауарлардың) түпнұсқалығын тексеруге арналған анықтама-ақпарат қызметі. Оның бағдарламалық-аппараттық қамсыздандырылуы Қамтамасыз етуші тарапынан жасалады да, оған қызмет көрсетіледі;

Тіркеу сервисі

Өнімдердің (тауарлардың) тұпнұсқалығын тексеру үшін Тауар кодтарының пайдаланылуын (активтенуін) тіркеуге арналған анықтама-ақпарат қызметі. Оның да бағдарламалық-аппаратық қамсыздандырылуын Қамтамасыз етуші жасап, оған қызмет көрсетеді;

Жүйе

Сервис көрсету және жылжыту бойынша істерді тіркеуге алуға және тексеруге арналған құралдары бар бағдарламалық web-интерфейс. Оны Қамтамасыз етуші жасайды;

Скретч-панель

Ең ақырында өшіріп тастауға жататын қорғаныш қабат. Оның астында Тауар коды жасырынған болады;

Клиенттерге жәрдем көрсету қызметі

Қамтамасыз етушінің анықтама қызметі. Тауар өндірушілеріне яки импортерлеріне ақпараттық қолғабыс жасаған кезде бұл қызмет Виртуалды телефон нөмірін пайдаланады;

Стикер

Сыртына ақпарат түсірілген жапсырма. Жапсырма екі бөліктен тұрады: бірінші бөлігі- қағаздан істелген жабысқақ табан; екінішісі – жапсырманы уақыттан бұрын жабысып қалудан қорғайтын арнайы қағаз. Стикердің сыртқы көрінісі Қамтамасыз етушінің Ресми сайтында келтірілген. Онда мынадай мәлімет бар: «» тауар белгісі, Сервисті пайдалану жөніндегі нұсқау, Тауар коды мен Сериялы нөмірі, Клиенттерге жәрдем көрсету қызметінің телефон нөмірі, Қамтамасыз етушінің Ресми сайтының web-адресі;

Қызмет көрсету аумағы

Өзбекстан Республикасы

(қысқа нөмір 1965, Клиенттерге жәрдем көрсету қызметінің телефон нөмірі: +99871-200-1965)

 

1.Шарттың мәні

«Vades Group» ЖШҚ, бұдан былай Қамтамасыз етуші деп аталады, Ли И.Г. директорының атынан, Жарғы негізінде іс жүргізуші, Тапсырыс берушіге осы шартқа №1 Қосымшада келтірілген ережелерге сай Тіркеу сервисін көрсетеді. Осы көпшілік офертасының (мұнан былай - оферта) шарттары Тапсырыс берушінің тарапынан сөзсіз қабылдануы (акцент) деп оның Қамтамасыз етушінің Ресми сайтындағы Дербес кабинетінде алғашқы тіркелуі саналады.

2.Жақтардың міндеттері:

2.1. Қамтамасыз етуші өз міндетіне:

2.1.1. Осы шартқа №1 Қосымшада келтірілген ережелерге сай Қамтамасыз етушінің Ресми сайтындағы Дербес кабинетінде тіркелгеніне сүйеніп, Тапсырыс берушіге оған бекітіп берілген тауарлар кодтарының пайдаланылуы туралы мәлімет беруді;

2.1.2. Тапсырыс берушіге қызмет көрсету және Тіркеу сервисін беру шарттарының өзгеруімен байланысты, ресми хабарларды Қамтамасыз етушінің Ресми сайтында немесе Қамтамасыз етушіге қолайлы басқа да жолдармен өзгерістер енгізуге 3 (үш) күн қалғанда жариялауды;

2.1.3. Профилактика лық жұмыстарды жүргізу мерзімінің басталу және созылуы Жеткізушінің Ресми сайтында немесе Жеткізушіге қолайлы болған өзге жолдармен кеміндң 24 (жиырма төрт) сағат алдын хабардар етіп отырылуы тиіс, өйткені мұндай жағдай жоспарланған жұмстарынан тыс есепке алу Сервисінің ұсыныстарының қалыпты тәртібін бұзуға алып келеді.

2.1.4. Клиенттерді (тапсырыс берушіні) қолдап-қуаттау қызметінің жұмысқа қабілеттілігі,әдептілігі мен жылдам әрекет етуін қамтамасыз ету.

2.1.5. Тапсырыс иесінің байланыс деректерін кез келген мазмұндағы мәліметтерді бұқаралық таратуды жүзеге асыруда колданбау.

2.2. Тапсырыс беруші міндеттейді:

2.2.1. Ұзатып және қабылдап отырған ақпаратпен мемлекетке, ұйымдар мен азаматтарға экономикалық, саяси және басқа да залал келтірмеу.

2.2.2. Өзбекстан Республикасында байланыс қатынастары және каналдардан парнографиялық өнімдер мен мемлекет, ұйымдар мен азаматтардың атына дақ келтіріп, абыройын түсіретін мәліметтерді, сонымен қатар ӨзР-да қолданылып жүрген заңдарға негізделе отырып тыйым салынған мәліметтерді таратуда пайдаланбау.

2.2.3. Есепке алу Сервисін пайдалану нәтижесінде қабылданған тауардың кодына (активация) тиісті ақпараттар мен жалғаспалы мәліметтерді үшінші тұлғаға хабарламау және жарияламау.

2.2.4. Есепке алу Сервисін пайдалану нәтижесінде қабылданған мәліметерді пайдалана отырып жарнамалық және өзге сипаттағы жаппай таратуларды (спам) жүзеге аырмау.

2.2.5. Қазіргі кездегі Оферта шарттары мен қағидаларын бұзбау.

2.2.6.Жеке кабинетке кіру үшін өзінің идентификациялы мәліметтерін (пароль және логин) үшінші тұлғаға білдірмеген тәрізде анық, дәл енгізу. Тапсырыс беруші өзінің идентификациялы мәліметтерін қорғау үшін жеке өзі жауапты. Үшінші тұлғалардың Тапсырыс берушіге тиісті кез келген идентификациялы мәліметтерінен пайдалана отырып орындаған әрекеті Тапсырыс берушінің өз әрекеті деп есептеледі. Тапсырыс беруші кез келген мұндай әрекеттер үшін жеке жауапкершілікке ие болады және Жеткізуші немесе үшінші тұлғаға тигізген барлық шығынның залалын қаржылай өтейді.

2.2.7. Есепке алу Сервисі ұсынып отырған шарттары мен қазіргі кездегі Офертаның мазмұнына енгізіліп отырған өзгерістермен танысу мақсатында Бас Жеткізушінің ресми сайтындағы «Жаңалықтар» бөлімін мерзімді қарап бару.

3. Жақтардың құқықтары:

3.1.Жеткізуші құқыққа ие:

3.1.1. Есепке алу Сервисі ұсынып отырған шарттары мен қазіргі Офертаның кез келген бөліміне бір жақтама тәртіпте өзгерістер енгізу, мұндай өзгерістерді бұл өзгерістер күшке енуінен 3 күн алдын Бас Жеткізушінің Ресми сайтындағы «Жаңалықтар» бөлімінде жариялап отыру.

3.1.2. Сервис және есепке алу Сервисінің тимділігін талдап есеп жасауда, сондай-ақ тиісті мемлекеттік ұйымдардың сұранысы бойынша тапсырыс берушінің байланыс деректерін пайдалану.

3.2.Тапсырыс беруші құқыққа ие:

3.2.1. Клиенттерді қолдап қуаттау қызметіне өтінішпен бару.

3.2.2. Есепке алу Сервисінің мәліметтерін маркетингтік тексеру жүргізуде пайдалану.

4. Сервистің құны.

4.1. Жеткізуші тарапынан есепке алу Сервисі Тапсырыс беруші үшін өтеусіз негізде ұсынылады.

5. Жақтардың айрықша шарттары мен жауапкершіліктері.

5.1. Жеткізуші өзінің Комплексінде Провайдерлер мен Операторлардың хабарлау тармағы арқылы Тапсырыс берушінің сертификацияға ие жабдықтар мен бағдарламалық қамсыздандырылуын пайдалана отырып есепке алу Сервисін ұсынуға кепілдік береді. Берілген кепілдік Жеткізуші тәулік бойы байланыс мүмкіндігімен қоса есепке алу Сервисінің ұсыныстарында да іркілу болмайтындығына кепілдік береді дегені емес, өйткені жабдықтардың қызметі барысында немесе Провайдер мен Оператор хабарлау тармағында Жеткізушіге байланысты болмаған техникалық себептер болуы мүмкін. Жеткізуші белгілі бір Тапсырыс берушіні қанағаттанарсыз сипаттағы байналыс себептерін талқылау нәтижесімен қамсыздандырмайды.

5.2. Жеткізуші есепке алу Сервисін ұсыну нәтижесінде есепке алу Сервисіне пайдалану мүмкіндігі жоқтығында Тапсырыс берушіге тигізген тікелей және жанама шығын үшін жауапкершілік өтемейді.

5.3. Жеткізуші тапсырыс берушінің Сервис тарапынан түпнұсқалығы бекітілген және есепке алу Сервисі тарапынан тіркеуге алынған өнімінің (тауарының) сапасы үшін жауапкершілік өтемейді.

5.4. Тапсырыс беруші есепке алу Сервисіне жүгіну барысында Интернет тармағынан пайдалануына байланыстағы тәуекел үшін толық жауапкершілікті өз міндетіне алады.

5.5. Тапсырыс беруші Өзбекстан Республикасы заңдылығына сәйкес 2.2. бөліміндегі жауапкершілікке ие. Үшінші тарап жағынан Тапсырыс беруші қазіргі Офертаның 2.2. бөлімін бұзуы нәтижесінде Жеткізушіге шағым және /немесе арыздар пайда болса, Жеткізуші шағымдар/арыздар қабылдаған мезеттен 5 (бес) күнге дейін оларды тапсырыс хатымен Тапсырыс берушінің ресми мекенжайына қайта жібереді. Тапсырыс беруші өз бетінше барлық осы сияқты шағымдар мен арыздарды өз есебінен ретке салуы және залал келтірілген барлық сумманы өтеуі тиіс.

5.6. Қазірзі Офертада көзделмеген барлық қалған жағдайларда Жақтар өз міндеттеріне алған бұзылымдар үшін ӨзР-сы Азаматтық Кодексіне, «Шаруашылықпен айналысатын субъекттер қызметінің келісім шартты – құқықты базасы туралы» Заңы мен ӨзР-да қолданылып жүрган заңдарының басқа да нормативті құқықтық акттарына сәйкес жауапкершілікке ие.

6 Форс-мажор.

6.1.Жақтар өздерінің міндеттерін орындамағаны және қазіргі Оферта құрамындағы тиісті болмағандарын орындағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер бұл орындамау форс-мажорлы жағдайлардың (ФМЖ) ықпалы нәтижесінде пайда болса. Мұндай жағдайға әскери әрекеттер, террорлық әрекеттер, өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және т.б. табиғи апаттар, ереуілдер, азаматтық наразылықтар, сондай-ақ жақтың/жақтардың тарапынан қазіргі Оферта шарттарын орындауға кедергі жасап жатқан мемлекеттік ұйымдардың әрекеті мен актілері мысал бола алады. ФМЖ ықпалында болған Жақ осындай жағдай пайда болған мерзімнен бастап 10 (он) банкті күн арасында мүмкіндігінше қарама-қарсы Жақты құзіретті мемлекеттік ұйымдар тарапынан берілген құжаттарды растауын қосымшамен қоса жазбаша түрде хабарландыруы тиіс. Жазбаша түрде хабарлау мүмкіншілігі болмаған жағдайда ФСЖ пайда болған Жақ қарама-қарсы Жақты кез келген өзге қолайлы әдіспен хабардар етеді. Хабарландыру құрамында ФСЖ фактілері мен сипаты, олардың басталған уақыты мен (егер мүмкін болса) аяқталу мерзімі және т.б. Жақтардың тарапынан қажет деп саналған мәліметтер болуы тиіс.

6.2. ФМЖ әрекеті үздіксіз 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен артық мерзімге созылатын болса, Жақтардың кез келгені қазіргі Оферталы Бір жақтама тәртіпте бұзу құқықына ие, бірақ келісімді бұзу шамаланған күннен 5 (бес) күнтізбелік күні алдын қарам-қарсы Жаққа жазба түрде хабарландыру жіберуі тиіс.

7. Жасырындық.

7.1. Қазіргі Офертадағы «Жасырынды мәлімет» термині шектелмеген түрде жалпыға қол жетерлі болмаған тек, Жақтарға қазіргі Офертаны жүзеге асыру мен Сервистен пайдалану үдерісінде қол жеткізген техникалық, қаржылы, коммерциялық және т.б. мәліметтерді өз ішіне алады. Мұнан тыс Провайдер немесе Оператор телекоммуникациясы жабдықтары арқылы ұзатылып отырған кез келген мәліметтер де жасырынды болып есептеледі

7.2. Кез келген Жақ үшінші тұлғаларға рұқсаты бар және қарым-қатынас барысында алу мүмкіндігі болған өзге Жақтың жасырын ақпаратын сол Жақтың бұл мәселеге алдын ала жазба келісімісіз паш ету немесе өзге түрде жарияламауды міндеттейді.

7.3. Ақпарат жасырынды деп есептелмейді, егер ол жалпыға ортақ, ресми көздерден алынған болса.

7.4. Үшінші тұлғаларға қазіргі Офертада көрсетілген ақпараттарды беру, паш ету және өзге түрде жариялау ұсыну Сервисі мен қазіргі Офертаның әрекеті мерзімінде және олардың тоқтатылуынан соң кейінгі 5 (бес) жыл бойы ӨзР қолданыстағы заңдылығында тікелей қарастырылған жағдайлардан тыс тек қана Жақтардың жазба түрдегі келісі негізінде жүзеге асырылады.

7.5. Жасырын ақпарат Жақтардың қазіргі Оферта мен Сервис ұсынуы/қабылдауын орындауда тікелей қатысатын және жасырын ақпаратты жарияламау туралы тиісті келісім-шарт бекітілген қызметкерлеріне ғана білдіріледі.

7.6. Жасырындылық шарттарын бұзған Жақ Өзбекстан Республикасында қолданыстағы Заңдарына сәйкес өзге Жаққа мұндай бұзылым нәтижесінде келтірілген шығын орнын толтырады.

8. Шағым мен таласты талқалау тәртібі.

8.1. Жеткізуші мен тапсырыс беруші арасындағы талас пен келісе алмаушылық мүмкіндігінше келіссөз жолымен шешіледі.

8.2. Егер талас пен келісе алмаушылық келіссөз жолымен шешім таба алмаса, ондай жағдайда олар ӨзР заңдарында белгіленген соттық тәртіпте, яғни сотқа дейінгі дауды реттеу тәртібін сақтау міндеті негізінде, қазіргі Офертаның 8.3. бөлімінде назарда тұтылған тәрізде шешуге тиісті.

8.3. Тапсырыс берушінің шағымдарын талап ету тәртібі:

8.3.1. Жеткізуші тарапынан есепке алу сервисінде көрсетілген міндеттерін орындамаған немесе орынлауы талап деңгейінде болмаған жағдайда Тапсырыс беруші Жеткізішуге даулы жағдай туылған уақыттын бастап 5 күнтізбелі күннен кешікпей жазба түрде шағым жіберуі тиіс.

8.3.2. Шағымда Тапсырыс берушінің атауы, тәртіп номері мен шағым мерзімі жауап қайтару үшін Тапсырыс берушінің мекен-жайы, Тапсырыс берушінің тапсырыс себебі ашық көрсетілуі тиіс.

8.3.3. 8.3.2.-бөліміндегі шартарды орындауда Шағым Жеткізуші тарапынан тіркеуге алып, оны қабылдап алған күннен бастап 30 ( отыз) күн мерзімде қарап шығылады

8.4. Шағымды тексеру барысында Тапсырыс беруші анықтайды:

8.4.1. Есепке алу Сервисінің мүмкіндік жарату немесе тиісті болмаған мүмкіндік жаратуы Жеткізушінің қаржысымен жүзеге асырылған факт дәлелденуі.

8.4.2. Есепке алу Сервисінің мүмкіндік жарату немесе тиісті болмаған мүмкіндік жарату себебін.

8.5. 8.4.-бөлімініне сәйкес атқарылған жүмысқа негізделе отырып Жеткізуші Тапсырыс берушінің шағымы бойынша қажетті шешім қабылдайды және қазіргі Офертаның 8.3.3.- бөлімінде белгіленген мерзімде Тапсырыс берушіге жауап жібереді.

8.6. Жеткізуші тарапынан Жеткізушінің Ресми сайтына бұзылуы/тоқтатылуы ұсынылып отырған мерзімнен 10 (он) күнтізбелік күн алдын тиісті хабарлама енгізу жолы арқылы қазіргі Оферта бұзылуы/тоқтатылуы мүмкін.

8.7. Қазіргі Офертада есепке алынбаған қалған басқа жағдайлар Өзбекстан Республикасы заңдылығына сәйкес ретке келтіріледі.

Жеткізушінің орнына:
«VADES GROUP» ЖШҚ директоры
Адрес: г.Ташкент, ул.Миракилова, 68а.
Тел.: 99871-2541188.
E-mail: info@centurion.uz
Р.с.: 20208 000 704 402 709 002
в ОПЕРУ ОАКБ «КАПИТАЛБАНК», г.Ташкент.
МФО 00974, ИНН 205 621 681, ОКОНХ 19400.
Директор Ли И.Г.

 

10.12.2012 ж. Тауарлар Кодын (активация) қолдануда есепке алу Сервисінің міндеттері жайлы келісімге (жариялы оферта) Қосымша №1.

Қызмет көрсету аумағы: Өзбекстан Республикасы.

Тауарлар Кодын (қолдану) есепке алу Сервисінен пайдалану ережесі.

Тапсырыс беруші Жеткізуші тарапынан ұсынылған тіркеуге алыну деректерін – аты мен парольды пайдалана отырып Жеткізушінің Ресми сайтындағы Жеке кабинетке тіркеуге алынады. Жеке кабинетке алғашқы кіруінде Тапсырыс беруші Жеткізуші тарапынан өзіне берілген парольды өзінің ақпаратқа кіру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін парольға ауыстыруы тиіс. Тапсырыс беруші Жеке кабинетке кіру үшін өзінің идентификациялы мәліметтерін (пароль және логин) үшінші тұлғаға білдірмеген тәрізде анық, дәл енгізуі тиіс. Тапсырыс беруші өзінің идентификациялы мәліметтерін қорғау үшін жеке өзі жауапты. Үшінші тұлғалардың Тапсырыс берушіге тиісті кез келген идентификациялы мәліметтерінен пайдалана отырып орындаған әрекеті Тапсырыс берушінің өз әрекеті деп есептеледі. Тапсырыс беруші кез келген мұндай әрекеттер үшін жеке жауапкершілікке ие болады және Жеткізуші немесе үшінші тұлғаға тигізген барлық шығынның залалын қаржылай өтейді. Тапсырыс беруші Жеке кабинетте өзіне белгіленген Стикерлер көмегімен тауардың түпнұсқалығын тексеру Жүйесін қолдану үшін тауарлар Кодын (активация) пайдалану жайлы ақпараттармен танысу мүмкіндігіне ие. Тапсырыс беруші Жүйедегі мәліметтерге өзгерту енгізу құқықына ие емес, тек қана оқып танысу мүмкіндігі бар.





Тауардың боямалықтан қорғау жүйесі «Centrion” Компаниясы
жағынан жетілдіре тусырылып,
басқармасының астында жұмыс істейді

Барлық құқықтар қорғауда © 2012-2013г




Мекенжай: Өзбекистан Республикасы, 100025,
Ташкент қаласы, А. Қаххар көшесі,47

Телефон: (99871) 200-1965
E-mail: info@centurion.uz